Хоуситтер мен АҚШ және Ұлыбритания арасындағы қақтығыс жалғасуда

Хоуситтер АҚШ және Ұлыбританияның шабуылдарында 37 адамның қаза тауып, 30 адамның жараланғанын хабарлады.

2125173
Хоуситтер мен АҚШ және Ұлыбритания арасындағы қақтығыс жалғасуда

Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер АҚШ және Ұлыбританияның қаңтар айынан бері елге жасаған шабуылдарында 37 адамның қаза тауып, 30 адамның жараланғанын хабарлады.

Хауситтерге тиесілі «El Mesirah» телеарнасы хоуситтердің лидері  Абдулмалик әл-Хоусидің сөзіне орын берді.

АҚШ пен Ұлыбританияның шамамен 3 айда Йеменге теңіз және әуе арқылы 424 шабуыл жасағанын түсіндірген атап көрсеткен Хоуси осы уақыт аралығында 37 адамның өліп, 30 адамның жараланғанын жариялады.

Хоуси Израиль, АҚШ және Ұлыбританияға тиесілі 90 кеменің 2023 жылдың қарашасынан бері Қызыл теңіз, Оман теңізі және Үнді мұхитында нысанаға алынғанын атап өтті.

Йеменде Иран қолдаған хоуситтер 31 қазаннан бері Израильдің Газадағы шабуылдарына наразылық ретінде Йемен жағалауында Израиль компанияларымен байланысы бар коммерциялық кемелерді басып алып, олардың кейбіріне ұшқышсыз әуе көліктер және зымырандар арқылы шабуыл жасауда.  .

Хоуситтердің әрекетінен кейін көптеген жүк тасымалдау компаниялары Қызыл теңіздегі саяхаттарын тоқтатуға шешім қабылдады.

АҚШ жаһандық теңіз сауда қауіпсіздігіне қауіп төнді деген сылтаумен 2023 жылы 18 желтоқсанда бір топ елдің қатысуымен хоуситтер күштеріне қарсы «Әл-ауқат сақшысы операциясы» атты көпұлтты «теңіз жұмыс тобы» құрылғанын жариялады.

АҚШ пен Ұлыбританияның Йемендегі бақылауындағы аймақтарға жасаған шабуылдарынан кейін хоуситтер осы екі елдің барлық кемелерін нысанаға алатындарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар