Беларусь Қарулы күштері үш күндік әскери жаттығуларын бастады
Жаттығу Ресей, Украина, сондай-ақ Литва және Польшамен шекаралас аймақтарда өтеді.


Беларусь Қарулы күштері Ресей, Украина, сондай-ақ Литва және Польшамен шекаралас аймақтарда үш күндік әскери жаттығуларын бастады.
Беларусь Қорғаныс министрлігінің «Telegram» аккаунтында жасалған мәлімдемеде Ресей мен Украина шекарасындағы Гомель қаласында және Литва және Польша шекарасындағы Гродно қаласында 3 күн бойы әскери жаттығу өтетіні айтылды.
Мәлімдемеде шекаралық аймақтардағы оқу-жаттығудың мақсатының осы аймақтарды шабуыл ықтималдығынан қорғау және әскери жағдай шараларын жүзеге асыруға дайындалу екені айтылды.
Ресей-Украина соғысына байланысты халықаралық қауымдастық айыптау мен санкцияларға бет бұрған кезде, Беларусь Мәскеуге дипломатиялық қолдау көрсетіп, әскери ынтымақтастықты жалғастырғаны үшін АҚШ пен Еуропа елдерінің сынының нысанасына айналған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Украинаның НАТО-ға мүшелігі: Дания өзгеше пікірде
Дания Украинаның НАТО-ға мүшелігі мәселесінде Америка Құрама Штаттарынан өзгеше пікірде.