Израиль күштері палестиналықтарды тұтқындауды жалғастыруда

Израиль күштері кейбір елді-мекендерге басқындарын жалғастыруда.

2123751
Израиль күштері палестиналықтарды тұтқындауды жалғастыруда

Израиль күштері басып алған Шерияның батысында кейбір қала мен елді мекендерін басып алып, көптеген палестиналықты қамауға алды.

Куәгерлерден алынған мәліметке қарағанда Израиль әскерлері Шерия батысының Наблус, Рамаллах, Әл-Халил, Бетлехем және Калкилья қалаларына шабуыл жасады.

Наблустың Ескі қала аймағына жасалған рейдінде кем дегенде бір палестиналықты тергеуге алған Израиль күштері Наблустың оңтүстігіндегі Мадама ауданында көптеген үйге басқын жасады.

Калкилья қаласы мен маңындағы елді мекендерде палестиналықтарға тиесілі үйлерге басқын жасаған Израиль әскерлері қаланың шығысындағы Аззун ауданы мен оңтүстігіндегі Хабле ауданында 2 палестиналықты ұстады.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Израиль армиясы сондай-ақ Рамаллах пен Әл-Халил қалаларына қарасты аудандарға шабуыл жасап, көптеген палестиналықты тұтқындады.



Ұқсас жаңалықтар