Газада жат күшті қаламайды

Иззат әл-Ришк Газа секторында палестиналық емес күштердің болуын қаламайтындарын мәлімдеді.

2123715
Газада жат күшті қаламайды

Хамас саяси бюросының мүшесі Иззат әл-Ришк Израиль 7 қазаннан бері шабуыл жасап жатқан Газа секторында палестиналық емес күштердің болуын қаламайтындарын мәлімдеді.

Ришк Хамастың әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Газада атысты тоқтатуға қол жеткізіліп, гуманитарлық көмекке рұқсат берілген жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) күштерін аймаққа орналастыру туралы баспасөзде жарияланған хабарларға баға берді.

Ришк бұл хабардың «негізсіз» және «анонимді дереккөздерге негізделгенін»  айтып, Хамастың Газадағы халықаралық көмек ұйымдарының, әсіресе БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігінің (UNRWA) әрекеттерін ғана мақұлдағанын білдірді.  

"Егер атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілсе, бақылаушы элементтер емес, келісімнің кепілі болатын және басқыншының (Израиль) келісімге бағынуына кепілдік беретін мемлекеттер болуы керек. Біздің халқымыз палестиналық емес күштердің болуына қарсы» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар