Газа үшін кезектен тыс жиналады

Жиналыста Израильдің қылмыстары талқыланады.

2123872
Газа үшін кезектен тыс жиналады

Араб Лигасы Израильдің 7 қазаннан бері шабуылдары жалғасқан Газа секторындағы оқиғаларды талқылау үшін тұрақты делегаттар деңгейінде кезектен тыс жиналыс өткізеді.

Араб Лигасы бас хатшысының орынбасары Хусам Зеки жасаған жазбаша мәлімдемеде Одақтың ертең Мысыр астанасы Каирдегі бас кеңсесінде бас қосатыны жарияланды.

Мавританияның төрағалығымен тұрақты делегаттар деңгейінде өтетін кезектен тыс жиналыста «Израильдің геноцид қылмыстары мен аштыққа мәжбүрлеуі» талқыланатыны атап өтілді.

Палестинаның Араб Лигасындағы өкілі Мұханнад әл-Аклук кеше өз мәлімдемесінде кезектен тыс жиналысқа шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар