Куба президенті Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға шақырды

Куба президенті Мигель Диас-Канель «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.

2122682
Куба президенті Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға шақырды

Куба президенті Мигель Диас-Канель халықаралық қоғамды Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға шақырды.

Палестина туының елдегі ең үлкен мұнаралардың біріне ілулі тұрған фотосуретін «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жариялаған Канель Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына назар аударды.

Канель «Палестина жері Израильдің басқыншылығы және өшпенді ұстанымымен жойылуға тырысқан сайын Куба әрдайым дауысын көтереді. Біз халықаралық қауымдастыққа шақыру тастаймыз. Қылмысты айыптаудан қорықпаңыз, Куба геноцидтің тоқтатылуын қалайды» деді.

7 қазан күнінен бері Израильдің Газа секторын бомбалауына «ең қатал» наразылықты көрсеткен көшбасшылардың бірі Куба президенті Канель Палестинаға әрдайым қолдауын қайталауда.



Ұқсас жаңалықтар