Мәскеуде болған терактіде қаза тапқандар саны 144-ке жетті

Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімет берді.

2122247
Мәскеуде болған терактіде қаза тапқандар саны 144-ке жетті

 

Ресейдің астанасы Мәскеуде болған терактіде қаза тапқандар саны 144-ке жетті.

Мәскеуде журналистерге берген мәлімдемесінде Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко 22 наурызда «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт салдарынан зардап шеккен және емделіп жатқандардың бірі бүгін қайтыс болғанын мәлімдеді.

Мурашко 69 адам, оның 17-сі ауыр халде ауруханаларда емделіп жатқанын атап өтті.

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында қарулы адамдар теракт жасаған еді. Әлеуметтік желіде таратылған суреттерде шабуылшылардың залда автоматты қарумен кездейсоқ оқ жаудырғаны көрінген болатын.

Ресей президенті Владимир Путин шабуылды жасаған 4 лаңкеспен қоса 11 адамның ұсталғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар