Мәскеудегі шабуылда қаза тапқандар саны 143-ке жетті

Ресейдің астанасы Мәскеуде болған шабуылда қаза тапқандар саны 143-ке жетті.

2121361
Мәскеудегі шабуылда қаза тапқандар саны 143-ке жетті

Төтенше жағдайлар министрлігі өз сайтында жұма күні кешке Мәскеудегі концерт залында болған шабуылда қаза тапқандардың тізімін жаңартты.

Жаңартылғаннан кейін тізімде 143 адам орын алды.

Шабуылдан 100-ден астам адам жараланған.

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залында қарулы адамдар шабуыл жасаған еді.

Ресей президенті Владимир Путин шабуылды жасаған 4 лаңкесті қосқанда барлығы 11 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар