Израиль Эрихаға кіріс-шығысты көлік қатынасына жапты
Израиль әскерлерінің кейін операция жасағаны анықталды.
Израиль армиясы Шерияның батысынан Эриха қаласына кіріс-шығыс жолдарын жауып, іздеу операциясын бастады.
Куәгерлерге қарағанда Израиль армиясы Иордания алқабындағы көліктердің қозғалысына тыйым салып, аймаққа әскерлерін орнатты.
Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде Эрихаға қарасты Әл-Авже ауылы маңында қарулы бір палестиналықтың көліктерге оқ жаудырғаны алға тартылды.
Израиль «Қызыл Дәуіт жұлдызы» жедел жәрдем қызметі азанда Шерияның батысындағы Иордания алқабы аймағында жасалған қарулы шабуылда 3 еврей қоныстанушының жараланғанын білдірді.
Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына бағытталған шабуылдарына қоса, Израиль армиясының Шерияның батысында тұтқындау толқыны мен рейдтері салдарынан аймақта шиеленіс біртіндеп артып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Дюссельдорф қаласында шыққанг өртте 3 адам қаза тапты
Өртте екеуі ауыр күйде 16 адамның жарақат алғаны білдірілді.
Ирандағы су тасқынынан 7 адам қаза тапты
Иранның Разави Хорасан уәлаятының Мешхед қаласында болған су тасқынынан 7 адам қаза тапты.