Газа секторында қаза тапқан палестиналық саны 32 мың 552-ге жетті

Израиль 7 қазан күнінен бері Газа секторында қырғын жасауда.

2121598
Газа секторында қаза тапқан палестиналық саны 32 мың 552-ге жетті
gazze bebek.jpg
gazze bebek.jpg
gazze cocuk.jpg
aa_picture_20240327_34113308.jpg

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналық саны 32 мың 552-ге жетті.

Газа секторын қиратқан Израиль әскерінің оңтүстіктегі Рефах қаласында 4 үйді бомбалауы салдарынан 11 палестиналық қаза тапты.

Елді мекендерін тастап кетуге мәжбүр болған  палестиналықтар да Израиль шабуылдарының нысанасына айналды. 1 бала, барлығы 4 палестиналық қаза тапты.

Израиль әскерлері көмек күткен палестиналықтарға тағы да оқ жаудырды.

Газа қаласындағы Кувейт қиылысына жасалған шабуылда қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені хабарланды.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарда қаза тапқан  жалпы палестиналық саны 32 мың 552-ге жетті.

Палестиналық Азаттық топтары болса күрестерін жалғастыруда. Израиль армиясы қақтығыстарда тағы 1 сарбаздың қаза тапқанын жариялап, өлген әскер санының 597-ге артқанын білдірді.

Израильдің қырғыны аяқталмағанымен, Палестина Азаттық қозғалысы «Хамас» халықаралық сот мекемелері мен БҰҰ-на шақыру жасап, Палестина халқына жүйелі түрде жасалған қырғынды тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар