Израиль Рафах қаласының түрлі аймақтарын бомбалауда

2,3 миллион халқы бар Газа секторында ірі гуманитарлық апат орын алды.

2120754
Израиль Рафах қаласының түрлі аймақтарын бомбалауда

Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласында қоныс аударған палестиналықтар тұрған шатырды бомбалауы салдарынан 12 палестиналық қаза тапты. Қаза тапқандардың  ішінде балалар да бар.

Палестиналық «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Хан Юнустың батысында орналасқан әл-Маваси аймағын бомбалады.

Израиль армиясы  Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласының түрлі аймақтарына әуеден соққы берді. Бұл шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланғандар болғаны хабарланды.

2,3 миллион халқы бар Газа секторында ірі гуманитарлық апат орын алды. Израиль армиясы 7 қазаннан бері қоныс аударған палестиналықтарды паналаған азаматтық елді мекендерді, ауруханаларды, мектептер мен баспаналарды нысанаға алуда. Шабуылдарда көбі балалардан құралған 32 мың 414 палестиналық қаза тауып, 74 мың 787 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар