PKK жақтаушылары Бельгияда провокация жасады

Полиция тәртіп бұзған террор ұйымы жақтаушыларына көз жасаурататын газбен қарсылық көрсетті.

2120157
PKK жақтаушылары Бельгияда провокация жасады

Бельгияның бас қаласы Брюссельде Еуропа Парламенті (ЕП) алдына жиналған бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтаушалары қауіпсіздік баррикадаларын бұзып, полицияға лақтырды.

Бөлшектеуші террор ұйымының шамамен 150 жақтаушысы кеше жергілікті уақытпен сағат 12:00-де Еуропа Парламенті алдында Люксембург алаңында жиналды.

Террор ұйымының символы ретінде шүберектер мен террорист басшының фотосуреттері ілінген плакаттар көтеріп, Түркияға қарсы ұрандар тастаған топ кейін полициямен қақтығысты.

Топ алаңды қоршап тұрған баррикадаларды бұзып, полицияға қарай лақтырды. Полиция орындық және тастармен шабуылдаған сепаратистік террор ұйымының жақтастарына көз жасаурататын газбен қарсылық көрсетті.

Алдымен Түркияның Бельгиядағы елшілігі орналасқан даңғылға, одан кейін Еуроодақ (ЕО) мекемелері орналасқан Шуман алаңына қарай барғысы келген топқа полиция кедергі жасады.



Ұқсас жаңалықтар