Пәкістанда әскери теңіз базасына шабуыл жасалды

«Dawn» газеті Белуджистанның Турбат аймағындағы теңіз базасына шабуыл жасалғанын білдірді.

2120512
Пәкістанда әскери теңіз базасына шабуыл жасалды

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында әскери теңіз базасына бағытталған шабуыл әрекетінің артынан басталған қақтығыста 1 сарбаз қаза тапты.

«Dawn» газетіндегі хабарға қарағанда Пәкістан армиясы қоғаммен байланыс бөлімшесі (ISPR) жасаған жазбаша мәлімдемеде Белуджистанның Турбат аймағындағы теңіз базасына шабуыл жасалды.

Мәлімдемеде шабуылдан кейін қауіпсіздік күштерінің дереу келуімен оқиға орнында қақтығыс басталғаны атап көрсетілді.

Қақтығыста 1 әскердің қаза тауып, 4 шабуылдаушының өлтірілгені атап көрсетілген мәлімдемеде шабуылдаушының дендеп ену әрекетінің қауіпсіздік күштері тарапынан тоқтатылғаны білдірілді.

Екінші жағынан сепаратист Белуджистан азаттық армиясының (BLA) жергілікті БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінде шабуылдың жауапкершілігін мойындағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар