Бразилияда су тасқынынан 27 адам көз жұмды

Шамамен 7300 адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны және 6 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені баяндалды.

2120238
Бразилияда су тасқынынан 27 адам көз жұмды

Бразилияның Эспириту-Санто штаты және Рио-де-Жанейро қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкіндерінде қаза тапқандар саны 27-ге артты.

Лауазым иелері  су тасқыны мен лай көшкінінен Эспирито-Сантода 19 адамның, Рио-де-Жанейрода 8 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Шамамен 7300 адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны және 6 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені баяндалды.

Президент Луис Инасио Лула да Силва баспасөзге жасаған мәлімдемесінде қаза тапқандардың отбасыларымен селбесетіндерін және апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар