Израиль Газада тағы бір журналистті өлтірді

"WAFA"-ның журналисті Сахир Экрем Рейян Израильдің Газа қаласына жасаған шабуылында қаза тапты.

2119845
Израиль Газада тағы бір журналистті өлтірді

Палестина ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның журналисті Израиль армиясының Газа секторының солтүстігіне жасаған шабуылында қаза тапты.

WAFA-да жарияланған хабарда агенттікте 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келген журналист Сахир Экрем Рейянның Израиль шабуылында қаза тапқаны білдірілді. Палестиналық журналистің ұлы Энестің де сол шабуылда көз жұмғаны хабарланды.

Палестиналық журналист пен баласының Газа қаласының батысындағы Хайдар Әбу аш-Шафи қиылысында кейбір жараланған адамдарды құтқаруға тырысып жатқанда қаза тапқаны хабарланғанды, «WAFA» төрағасы Ахмед Асаф болса көңіл айту хабарламасы жариялады.

Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі 23 наурыз күні Израиль шабуылдары басталған 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері Газа секторында 136 журналистің қаза тапқанын білдірді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында кемінде 14 мың 280 бала, 9 мың 340 әйел, барлығы 32 мың 226 палестиналық қаза тауып, 74 мың 518 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар