Ресейде 24 наурыз күні ұлттық аза тұту күні жарияланды

Ұлттық аза тұту күніне орай Ресейдің Стамбулдағы бас консулдығында жалаулар жартылай төмен түсірілді.

2119423
Ресейде 24 наурыз күні ұлттық аза тұту күні жарияланды
istanbul’daki rus konsoloslugunda yas.jpg
istanbul’daki rus konsoloslugunda yas.jpg
istanbul’daki rus konsoloslugunda yas.jpg

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде концерт залында болған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін 24 наурыз күні ұлттық аза тұту күні жарияланды.

жалпыұлттық аза тұту күніне орай Ресейдің Стамбулдағы бас консулдығында жалаулар жартылай төмен түсірілді.

Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залында болған терактіде 133 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды.

Ресей президенті Владимир Путин халыққа жасаған үндеуінде «Мен 24 наурыз күнін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» деді.

Ұлттық аза тұту жариялануының артынан Стамбул Истиклал даңғылындағы Ресейдің Стамбулдағы бас консулдығының жалаулары жартылай төмен түсірілді. Шабуылға орай Ресей бас консулдығы алдына гүлдер мен ойыншықтар қойылды.



Ұқсас жаңалықтар