Нигериядағы қарулы шабуылда 21 адам қаза тапты

Нигерияның Нигер уәлаятында қарулы шабуылда 21 адам қаза тапты.

2119104
Нигериядағы қарулы шабуылда 21 адам қаза тапты

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарға қарағанда, мотоцикл мінген қарулы адамдар түнде Нигердің Мадака аймағына барып, оқ жаудырған.

Шабуылда аймақ басшысымен бірге 21 адам қаза тапты.

Кем дегенде 50 үй өртенген шабуылда жергілікті тұрғындардың азық-түліктері тоналған .

Нигер мемлекеттік полициясының баспасөз хатшысы Васиу Абиодун шабуылдарға байланысты аймаққа полиция және армиямен бірлесіп қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар