Израильде Нетаньяхуға қарсы наразылықтар жалғасуда

Тель-Авивте қайтадан жиналған он мыңдаған израильдік Нетаньяхуды отставкаға кетуге шақырды.

2119367
Израильде Нетаньяхуға қарсы наразылықтар жалғасуда

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы наразылық толқыны жалғасуда.

Он мыңдаған израильдік бас қала Тель-Авивте қайтадан жиналып, Нетаньяхуды отставкаға кетуге шақырды.

Израильдік шерушілер бас қала Тель-Авивтің Кабылан даңғылына жиналды.

Шерушілер премьер-министр Нетаньяхуға «Сен жауаптысың, сен кінәлісің!» және «Шабуылдар бейбітшілік әкелмейді» деген ұрандар тастады.

Демонстранттар кейін Демократия алаңына қарай бет алды. Шерушілер Израиль премьер-министрі Нетаньяху мен кейбір кабинет мүшелерінің макеттерін өртеп жіберді.

Нетаньяхудың қарсыластары Израиль соғыс кабинетінің Палестина Азаттық қозғалысы «Хамас»-тың атысты тоқтату және тұтқындарды босату ұсынысын қабылдаудан бас тартуына наразылық білдірді.

Шерушілер қолдарына «қазір атысты тоқтат» деген плакат ұстады. Израиль полициясы мен шерушілер арасында анда-санда қақтығыстар болды.

Газа секторында қамауда отырған израильдік тұтқындардың отбасылары да Нетаньяхудың Хайфа маңындағы Кайсериядағы үйі алдында протесттерін жалғастырды.

Демонстрация кезінде үкіметке израильдік тұтқындардың мүмкіндігінше тезірек үйлеріне қайтарылуын қамтамасыз ету туралы шақыру жасалды.



Ұқсас жаңалықтар