Араб елдері Мәскеудегі шабуылға наразылық көрсетті

Араб елдері кеше Мәскеудегі бір концерт залда жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

2119410
Араб елдері Мәскеудегі шабуылға наразылық көрсетті

Араб елдері кеше Ресейдің бас қаласы Мәскеуде концерт залында жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде экстремизм мен терроризмнің барлық түрлерімен күрестің маңыздылығы атап көрсетілді.

Мәлімдемеде қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтылып, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «террорлық» шабуылдың қатаң түрде айыпталғанын және шабуылда қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірілгені атап айтылды.

Ливия Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ливияның бейбіт тұрғындарды нысанаға алған кез-келген террорлық әрекетті қабылдамайтыны атап көрсетілді. Мәлімдемеде лаңкестік әрекетте қаза тапқандардың жақындарына, Ресей халқы мен үкіметіне көңіл айтылды.

Алжир, Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман, Мысыр, Иордания, Палестина, Ливан, Тунис және Марокко сыртқы істер министрліктері жасаған жазбаша мәлімдемелерде Мәскеудегі шабуыл айыпталып, ынтымақтастық хабарламалары жарияланды.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Таха да мәлімдемесінде шабуылды қатаң айыптап, терроризмнің барлық түрін қабылдамайтындарын атап көрсетті.

22 наурыз күні кешкі уақытта Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залында қарулы топ террор шабуылы жасады. Шабуылшылар залда автоматты қарудан кездейсоқ оқ жаудырды.

Концерт залы орналасқан ғимараттың төбесінде өрт тұтанса, біраз уақыттан кейін шатыры опырылып құлады.

Ресейлік лауазымдылар шабуыл салдарынан 133 адамның қаза тапқанын хабарлады. Оқиғада 100-ден астам адамның жараланғаны білдірілді. Шабуылды ұйымдастырған 4 террористке қоса 11 адамның ұсталғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар