Газа секторында күн сайын 37 ана өлуде

Израиль шабуылдарынан Газа секторында күн сайын 37 ананың өлгені хабарланды.

2118482
Газа секторында күн сайын 37 ана өлуде

Палестина Қызыл Жарты ай қоғасы 21 наурыз Аналар күні мерекесіне байланысты жариялаған жазбасында Израильдің 7 қазаннан бері шабуылдарын жалғастырған Газа секторында қаза тапқан аналарға назар аударды.

Араб және ағылшын тілдерінде жасалған жазбада «Газа секторында күн сайын 37 ана  қайтыс болуда» деді.

Кейбір араб елдерінде, соның ішінде Палестина мен Мысырда 21 наурыз «Аналар күні» ретінде тойланады.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 31 мың 923 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде кемінде 14 мың бала, 9 мың 220 әйел қаза тауып, 74 мың 96 адам жараланды.

Үйінді астында әлі мыңдаған өлі бар екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар