Ресейде саяси қысым көрген активист Түркияға қашып келді

Татарстандық саясаттанушы және журналист «TRT Russian» телеарнасы сұхбат берді.

2118414
Ресейде саяси қысым көрген активист Түркияға қашып келді

Татарстандық саясаттанушы және журналист Руслан Айсиннің үстінен «шетел тыңшысы» міндеттемелерінен бас тарту және нацизмді ақтау айыптарымен сот ісі қозғалды.

Ресейдегі саяси қысым салдарынан екі жыл бұрын Түркияға қоныс аударған Айсин «TRT Russian» телеарнасына берген сұхбатында «Түрік және ислам әлемінің, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұратын халықтардың мүдделерін қорғауға бағытталған саяси және әлеуметтік іс-шаралардың», «шетелдік тыңшы» болып жариялануына және заңдық тергеулерге ұшырауына жол ашқанын атап көрсетті.

Айсин Ресейде өзін «Түрік әлемінің мүддесін қорғау» және «Түркияның мүдделерін қорғау үшін шамадан тыс күш жұмсаумен» айыптағандарын білдірді.

Айсин «шетел тыңшысы» мәртебесінің талаптарын неліктен орындамағанын былайша түсіндірді «Бұл мен үшін абыройды таптайтын бір мәртебе емес, бірақ оған қатысты барлық шешім мен бұйрықтарды орындауды мақсат еткен жоқпын. Мен жазбаларымның басына «шетелдік тыңшы» екенімді ескерткім келмеді. Екі сот болды, жазбаша ұйғарым, айыппұлдар, екі әкімшілік іс қылмыстық іске айналды».

Айсин нацизмді ақтады деп айыптауын «өз халқының және Ресей Федерациясының барлық халқының мүддесін» қорғауға тырысуымен байланыстырып, өзіне қарсы қудалаулардың саяси астары бар екеніне сенімді екенін айтты.

Журналист «Қазірге Түркиядамын, Түркия бізге пана болды, Түркия түріктер мен мұсылмандар үшін әрқашан қонақжай ел. «Сот шешімдерін, бәлкім, сырттай қамауға алу шешімін күтемін» деді.

Айсин «шетел тыңшысы» тізіміне 2023 жылдың наурыз айында қосылды. РФ Әділет министрлігі Айсинді Ресей саясаты туралы «негізсіз ақпарат» таратып, Украинаның шабуылын сынағаны үшін «шетел тыңшысы» деп айыптаған еді.



Ұқсас жаңалықтар