Сомалиде 39 террорист залалсыздандырылды

Сомали армиясы әуе операциясы туралы мәлімдеме жасады.

2117905
Сомалиде 39 террорист залалсыздандырылды

Сомалиде «Аш-Шабаб» террор ұйымына бағытталған әуе операциясында 39 содыр залалсыздандырылды.

Сомали армиясы жасаған мәлімдемеде елдің Төменгі Шабель аймағында «Аш-Шабаб» террор ұйымына бағыттап операция басталғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Төменгі Шабельдің Аугойе аймағындағы әуе операциясында ұйымның 39 мүшесінің қаза тапқаны атап көрсетілді.

Сомали президенті Хасан шейх Махмуд террор ұйымы «Аш-Шабаб»-пен жан-жақты күрес жүргізілетінін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар