«Соғыс экономикасы режиміне» көшуге шақырды

Мишельдің айтуынша, бұл Ресейден төнген қауіпке жауап болуы керек.

2118010
«Соғыс экономикасы режиміне» көшуге шақырды

Еуропалық Кеңес төрағасы Чарльз Мишель ЕО елдерін «соғыс экономикасы режиміне» көшуге және қорғаныс қабілетін арттыруға шақырды.

Мишельдің айтуынша, бұл Ресейден төнген қауіпке жауап болуы керек.

Еуропалық газеттер мен «Euroactiv» веб-сайтында жарияланған мақаласында Мишель Еуропаның Америка Құрама Штаттарының қолдауына сүйенбей, өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керектігін жазды.

Мишель өз мақаласында «Егер ЕО дұрыс реакция көрсете алмаса және Украинаға Ресейді тоқтату үшін қажетті қолдауды бермесе, ол бізге келеді. Сондықтан біз қорғанысқа дайын болып, «соғыс экономикасы» режиміне көшуіміз керек», - деп түйіндеді.

Мишельдің пікірінше, Еуропа соғыс кезінде әскери өндіріс әлеуетін 50 пайызға арттырып, біраз ілгерілеушілікке қол жеткізгенімен, одан да көп жұмыс істеуі керек. Еуропалық кеңес төрағасының айтуынша, Еуропа ондаған жылдар бойы қорғаныс пен қауіпсіздікке жеткілікті инвестиция салған жоқ.

Дүйсенбі күні ЕО елдері Украина қарулы күштеріне 5 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету туралы келісімді мақұлдаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар