Нигерияда террор ұйымына ауыр соққы берілді

Нигерия Әскери әуе күштері террористтер паналаған лагерьлерге шабуыл жасады.

2117592
Нигерияда террор ұйымына ауыр соққы берілді

Нигерия армиясы Замфара және Нигер штаттарында жүргізілген әуе операциясында көптеген террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Нигерия Әскери әуе күштері (NAF) мәлімдемеші Эдвард Габквет террористтер орналасқан жерлерге, Замфара штатына қарасты Качалла Дамина және Нигер штатына қарасты Палеле аймақтарында террористтер орналасқан жерлерде әуе операциялары жүргізілгенін мәлімдеді.

Габквет операциялар барысында бір топ басшысы да бар көптеген содырдың өлтірілгенін және көптеген террористтің жараланғанын атап көрсетті.

Содырлар паналаған лагерьлер мен логистикалық қоймалардың қиратылғанын білдірген Габквет террористтерге тиесілі өте көп қару-жарақ және оқ-дәрінің қолға түскені туралы ақпаратпен бөлісті.

Нигерия соңғы кездері елдің әртүрлі аймақтарында қарулы бандалардың, сондай-ақ «Боко Харам» және «ISWAP» террор ұйымдарының шабуылдарына тап болды.



Ұқсас жаңалықтар