Тедрос Адханом Гебрейесус Газадағы жағдайды түсіндірді

ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторындағы адамдардың аштықтан өліп жатқанын айтты.

2117048
Тедрос Адханом Гебрейесус Газадағы жағдайды түсіндірді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторындағы адамдардың аштықтан өліп жатқанын айтты.

Гебрейесус «X» әлеуметтік медиа платформасында Израильдің аяусыз шабуылдарына ұшыраған Газадағы ашаршылық және оның әкелетін қауіп-қатер туралы жазбасымен бөлісті.

Газадағы аштықтың қорқынышты болғанын түсіндірген Гебрейесус  мұның қысқа және ұзақ мерзімді перспективада денсаулыққа қауіпті салдары болуы мүмкін екенін білдірді.

Гебрейесус  Газада 7 қазанға дейін халыққа азық-түлік жеткілікті болғанын және дұрыс тамақтанбаудың сирек кездесетінін атап өтті.

«Газада адамдар аштықтан өліп жатыр. Азық-түлікке көбірек рұқсат берілмесе, миллионнан астам адамға қауіп төнеді» деген Гебрейесус бұл жағдайды өзгертудің жалғыз жолы ныңбейбітшілік екенін  мәлімдеді.

Израиль 7 қазаннан бері шабуылға ұшыраған Газада тұратын 2 миллион 300 мың палестиналықты ашаршылыққа тап болуда.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында кем дегенде 31 мың 726 палестиналық қаза тауып, 73 мың 792 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар