Палестина: "Рафахқа шабуыл басталды"

Палестина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

2117379
Палестина: "Рафахқа шабуыл басталды"

Палестина Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына кеше түнде Израиль армиясының шабуылдағанын, араларында балалар мен әйелдер де бар 14 палестиналықтың қаза тапқанын мәлімдеді.

Палестина Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Палестина Сыртқы істер министрлігі Газа секторының солтүстігі мен орталығынан қоныс аударған миллиондаған адам тұратын қаланы басып алмау туралы халықаралық ескертулерді елемей, Рафах қаласына қарсы Израильдің қанды әуе шабуылдары мен жүйелі жойқын операцияларын қатаң түрде айыптайды» делінді.

Мәлімдемеде Израильдің кеше (дүйсенбі) кешке қарай Рафахқа жойқын әуе шабуылы бастағаны және көптеген палестиналықтың қаза тапқанына назар аударылып, «Израиль Рафах қаласына шабуылын бастады және халықаралық наразылықтардан аулақ болу үшін бұл туралы мәлімдемелер немесе ешкімнің рұқсатын алмады» делінді.

Мәлімдемеге қарағанда Израиль әскери ұшақтарының кеше түнде Рафах қаласының әртүрлі жерлеріне жасаған әуе шабуылында араларында балалар мен әйелдер де бар 14 палестиналық қаза тауып, көптеген палестиналық жарақат алды.

15 наурыз күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесінен жасалған мәлімдемеде Рафах қаласының оңтүстігіне жасалуы ықтимал әскери операция жоспарының бекітілгені жарияланған болатын.

Екінші жағынан Израиль армиясының көмектің жеткізілуіне кедергі келтіріп, Газа секторына 7 қазан күнінен бері ашаршылыққа әкелген шабуылдардағы адам шығыны соңғы 24 сағатта 93 артып, 31 мың 819-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар