Оңтүстік Суданда әскери ұшақ құлады

Оңтүстік Суданда әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам жарақат алды.

2117413
Оңтүстік Суданда әскери ұшақ құлады

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Оңтүстік Судан армиясына тиесілі ұшақ белгісіз бір себеппен елдің солтүстігіндегі Йида аймағында құлаған.

7 адамнан тұратын экипаждың 5-і жарақат алды. Апаттан қаза  тапқандардың бар-жоғы туралы ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерде апатқа ұшыраған ұшақтың өртеніп, жанып кеткені байқалады.



Ұқсас жаңалықтар