Израильдің Дамаскіге әуе шабуылы жасағаны алға тартылды

Сирияның ақпарат агенттігі «SANA» шабуылға қатысты хабар жариялады.

2117268
Израильдің Дамаскіге әуе шабуылы жасағаны алға тартылды

Израильдің Сирияның бас қаласы Дамасктың төңірегінде бірнеше жерге әуе шабуылы жасағаны алға тартылды.

Сирияның ақпарат агенттігі «SANA»-ның әскери дереккөздерге сілтеген хабарында жергілікті уақытпен сағат 02.10-да Дамаск төңірегіндегі кейбір жерлердің Израиль күштері тарапынан Голан төбелері бағытынан әуе шабуылымен нысанаға алынғаны алға тартылды.

Хабарда «Шабуыл кезінде шығын болды, әуе қорғаныс жүйелері жаудың кейбір зымырандарын атып түсірді» делінді.

Израиль билігінен ешқандай мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар