ЕО Украинаға 5 миллиард еуролық қолдауды бекітті

ЕО кеңесінің мәлімдемесіне қарағанда «Украинаға көмек қоры» құрылды.

2117221
ЕО Украинаға 5 миллиард еуролық қолдауды бекітті

Еуропа Одағы (ЕО) кеңесі Ресейге қарсы соғысып жатқан Украинаға әскери көмек үшін пайдаланылатын қордың 5 миллиард еуроға ұлғайтылатынын хабарлады.

ЕО кеңесінің мәлімдемесіне қарағанда, «Еуропалық бейбітшілік қоры» деп аталатын қаржы қоры 5 миллиард еуроға ұлғайып, осы қор аясында «Украинаға көмек қоры» құрылды.

Украинаға көмек қоры аясында Украина қарулы күштерінің қажеттіліктерін әскери техника мен әскери жаттығу арқылы қамтамасыз ету көзделген.

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель қабылданған шешім ЕО-ның өз уәделерін орындағанын көрсетеді деп мәлімдеді.

Жозеп Боррель «Бұл қор арқылы біз Украинаға Ресей соғысынан қорғану үшін қанша қажет болса сонша қолдау көрсетуді жалғастырамыз» деді.

Шешімнен кейін Еуропалық Бейбітшілік қорының 2021-2027 жылдарға арналған қаржылық жоғарғы шегі 17 миллиард еуроға дейін өсті.

ЕО-ның Украина армиясына көрсеткен жалпы қолдауы, ЕО-ға мүше елдер көрсеткен әскери қолдауды қоса алғанда 33 миллиард еуро болғаны межеленуде.



Ұқсас жаңалықтар