Бейресми қорытындыға қарағанда Путин президент сайлауында жеңіске жетті

Владимир Путин бейресми қорытынды бойынша дауыстардың 87,8 пайызын жинады.

2116662
Бейресми қорытындыға қарағанда Путин президент сайлауында жеңіске жетті

Ресей президенттік сайлауында Владимир Путин бейресми қорытындыға қарағанда 87,8 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Ресей Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Ресей Федерациясында 15 наурыз күні басталып, үш күнге созылған президент сайлауы елдің ең батысындағы Калининград облысында Мәскеу уақытымен сағат 21:00-де сайлау учаскелерінің жабылуымен аяқталды.

Ел көлемінде 80-нен астам өңірде өткен сайлау әрі жәшік басында, әрі электронды түрде де өтті.

Сайлауға қатысу көрсеткіші 74 пайыздан жоғары болған сайлаудың бейресми қорытындысы бойынша Қазіргі президент Владимир Путин 87,8 пайызын жинап жеңіске жетті.

Фом компаниясының сандықтағы сауалнамасына қарағанда, Коммунистік партиядан Николай Харитонов 4,7 пайыз, Жаңа халық партиясынан Владислав Даванков 3,6 пайыз, Либерал-демократиялық партиядан Леонид Слуцкий 2,5 пайыз дауыс жинады. Дауыстардың 1,4 пайызы жарамсыз деп есептелді.

Алғаш мәліметтер бойынша, сайлау жәшігінде жеңіске жеткен Путин ресми қорытынды жарияланған соң ант ішіп, Ресей президенті қызметін 5-ші рет атқаратын болады. Жаңа президент 6 жыл бойынша қызмет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар