Женева мен Берлинде Палестинаға қолдау шерулері өтті

Швейцария мен Германияда мыңдаған адам Палестинамен ынтымақтастық шеруіне шықты.

2116397
Женева мен Берлинде Палестинаға қолдау шерулері өтті
berlin filistin'e destek gosterisi1.jpg
berlin filistin'e destek gosterisi.jpg
cenevre filistin'e destek gosterisi.jpg

Швейцарияның Женева қаласында мыңдаған адам Палестинамен ынтымақтастық мақсатымен шеруге шықты.

Қаладағы «Parc Des Cropettes» алаңында мыңдаған адам Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторында жасаған шабуылдарына наразылық білдірді.

Шерушілер ағылшын, француз және араб тілдерінде Палестинаға қолдау және Израильге наразылық ұрандарын тастады. Израильдің палестиналықтарға бағытталған «қырғынына» наразылық көрсеткен шерушілер Газа секторындағы ашаршылық және әсіресе аштықтан балалардың өлуін протест етті. Шерушілер Газа секторы үшін «тез арада атысты тоқтатуға» шақырды.

Палестинаға қолдау көрсету шеруі Германияның бас қаласы Берлинде де өтті.

Палестиналық әртүрлі топтар ұйымдастырған «Палестинамен ынтымақтастық шеруінің» аясында көптеген адам Нойкёльн ауданындағы «Sonnenallee» теміржол вокзалы маңында жиналды.

Демонстранттар кейін Палестина туын көтеріп Герман алаңына шықты.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына наразылық білдірген шерушілер «Газа секторындағы геноцидті тоқтатыңыз», «Иерусалим Палестинаның бас қаласы», «Қазір атысты тоқтатыңыз» және «Палестинаға бостандық» деген плакаттар мен баннерлер ұстады.

Кейбір шерушілер Газа секторындағы аштыққа назар аудару үшін табалар, қуыршақ пен ұн дорбаларын қолға алып акцияға қатысты.



Ұқсас жаңалықтар