Израильдің Сирияға шабуылдағаны алға тартылды

Израиль әскери ұшақтарының Каламон аймағында көптеген жерді нысанаға алғаны алға тартылды.

2116325
Израильдің Сирияға шабуылдағаны алға тартылды

Израильдің Сирияның бас қаласы Дамасктің солтүстігіндегі Каламон аймағына шабуыл жасағаны алға тартылды.

Сирия режиміне жақын әлеуметтік желілер Израиль әскери ұшақтарының Каламон аймағында көптеген жерді нысанаға алғанын алға тартты. Бұл шабуылға қатысты Израиль немесе Сирия режимінен әзірге ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Каламон аймағында Иран қолдау беретін топтар бар екені белгілі.

Сирияда 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері Израиль Сирия армиясына тиесілі Иран қолдайтын топтар мен әскери пункттерге жиі шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар