Палестинада жаңа премьер-министр

Палестина президенті Махмуд Аббас Мұхаммед Мұстафаны жаңа премьер-министр етіп тағайындады.

2115703
Палестинада жаңа премьер-министр

Палестина президенті Махмуд Аббас премьер-министрдің бұрынғы орынбасарларының бірі және Палестина инвестициялық қорының президенті Мұхаммед Мұстафаны жаңа премьер-министр етіп тағайындады.

19-шы үкіметтің премьер-министрі болып тағайындалған Мұстафа Дүниежүзілік банк пен Палестина әкімшілігіне қарасты мекемелерде, әсіресе Палестина инвестиция қорында әртүрлі лауазымдарды атқарған есім ретінде көзге түседі.

Палестина президенті Аббас 26 ақпанда бұрынғы премьер-министр Мұхаммед Штийе үкіметінің отставкаға кетуін қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар