Қытай, Ресей және Иран бірлескен жаттығуы басталды

Қытай Оман шығанағы маңында бірлескен әскери-теңіз жаттығудың басталғанын жариялады.

2113976
Қытай, Ресей және Иран бірлескен жаттығуы басталды

Қытай, Ресей және Иран әскери-теңіз күштері Оман шығанағы маңында бірлескен әскери-теңіз жаттығуын бастады.

Қытай Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Қауіпсіздік желісі - 2024» деп аталатын оқу-жаттығудың 11-15 наурыз күндері өтетіні және «аймақтық теңіз қауіпсіздігін бірлесіп қорғауды мақсат еткені» айтылды.

Оқу-жаттығудың Иран қолдайтын хоуситтердің Қызылтеңіз арқылы өтетін коммерциялық кемелерге жасаған шабуылдар және АҚШ бастаған коалиция күштерінің Йеменге шабуылдарымен аймақтағы шиеленіс ушығып тұрған бір кезеңде өткізілгені назар аударады.

Жаттығу өткен жылы «Қауіпсіздік жедлісі - 2023» деген атпен жүзеге асқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар