"Latam" Әуе жолдарына тиесілі рейстегі 50 адам жарақат алды

Жаңа Зеландияның "Herald" газеті оқиғаға қатысты хабар жариялады.

2113860
"Latam" Әуе жолдарына тиесілі рейстегі 50 адам жарақат алды

Австралиядан Жаңа Зеландияға ұшқан ұшақтағы техникалық ақау салдарынан 50-ге жуық адам жарақат алды.

Жаңа Зеландияның "Herald" газетіне қарағанда Сидней қаласынан Оклендке қарай ұшқан орталығы Чилидегі «Latam Әуе жолдарына» тиесілі жолаушы ұшақ техникалық ақауға байланысты әуеде қатты шайқалды.

Ұшақтағы шайқалыс салдарынан 50-ге жуық адам зардап шекті.

Окленд әуежайына қонған ұшақта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, 13 адам ауруханаға жеткізілді.

«Latam Әуе компаниясы» жасаған мәлімдемеде «Ұшақ жоспарланғандай Окленд әуежайына қонды. Кейбір жолаушылар мен экипаж оқиға кезінде зардап шекті» делінді.

Техникалық ақауға қатысты мәліметтер орын алған мәлімдемеде оқиғаға қатысты кешірім сұралды.



Ұқсас жаңалықтар