Ханийе Хамастың келісім үшін талаптарын қойды

Исмаил Ханийе мәлімдемесінде Израильмен жүргізілген келіссөздер туралы ақпарат бөлісті.

2113715
Ханийе Хамастың келісім үшін талаптарын қойды

Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханийе Газа секторындағы соғыстың аяқталуы, израильдік әскерлердің шығарылуы және жер аударылған палестиналықтардың үйлеріне оралуына кепілдік берілмейінше, Израильмен келісімге келудің мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Исмаил Ханийе теледидардан жасаған мәлімдемесінде Израильмен жүргізілген келіссөздер туралы ақпарат бөлісті.

«Хамас» ретінде қазіргі уақытқа дейін жүргізілген келіссөздерде оң және жауапкершілікпен әрекет еткенін атап көрсеткен Ханийе «Газа секторында соғысты аяқтамайтын, босқындарды үйлеріне қайтармайтын және Орталық аймақтарға қоса Газа секторынан шығуға кепілдік бермейтін келісімге қол жеткізгіміз келмейді. Бұл қағидаттар жүзеге асып, келісімге қол жеткізу үшін Израильді оларды орындауға мәжбүрлейтін халықаралық кепілгерлік болуы керек» деді.

Израиль келісім ережелеріне бағыну тақырыбында ешқандай кепілдік бергісі келмегендіктен әлі келісімге қол жеткізілмегенін атап көрсеткен Ханийе бұған қарамастан Хамастың келіссөздерін жалғастыруға және осы қағидаларды қамтитын кез-келген шешімге ашық екенін баса айтты.

Исмаил Ханийе Израильдің босқындардың біртіндеп үйлеріне қайтарылуы туралы айтқанын, бірақ бұл туралы нақты ақпарат бермегенін және Газа секторын екіге бөлуді жалғастырғанын тілге тиек етті.

Израильдің Палестина халқына қарсы психологиялық соғыс жүргізгенін, хаос туғызып, халықты бөлуге тырысып жатқанын, бірақ бұл істе табысқа жете алмайтынын атап көрсеткен Ханийе Израиль жасаған барлық қырғындар мен геноцидтерге қарамастан Палестина халқын Газа секторынан айдап шығара алмағанын атап көрсетті.

Ханийе сөзінің соңында Иерусалим, Шерияның батысы, және диаспоралардағы палестиналықтарды Әл-Ақса мешіті мен қасиетті орындарды нысанаға алған қастандықтармен күресу үшін басталған «Ақса топанына» қолдау көрсетуге шақырды.

Ханийе Ливан, Йемен және Ирак майданындағы көтеріліске және араб пен ислам әлемінде Газа секторына қолдау үшін шеруге шыққан халықтарға да алғысын айтты.



Ұқсас жаңалықтар