Ресей-Украина соғысында 10 мың 703 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Украинадағы соңғы жағдай талқыланды.

2113022
Ресей-Украина соғысында 10 мың 703 бейбіт тұрғын қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресей-Украина соғысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар санының 10 мың 703-ке өскенін хабарлады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Украинадағы соңғы жағдай талқыланды.

Осы жерде сөйлеген БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты бойынша орынбасары Мохамед Халед Хиари «Ресейдің Украинаға басып кіруі 10 мың 703 бейбіт тұрғынның өліміне себеп болды. Оның 549-ы балалар.  Соғыста 20 мың 146 адам жарақат алды. Бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымдарға жасалған барлық шабуылдарды айыптаймыз» деді.

БҰҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі (OCHA) гуманитарлық көмекті қаржыландыру және ресурстарды тасымалдау бөлімінің директоры Лиза Доутен де бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдардың халықаралық гуманитарлық құқықты бұзатынын және барлық тараптар бейбіт тұрғындарды қорғауы керек екенін мәлімдеді.

Доутен гуманитарлық көмек жеткізуде әлі де айтарлықтай кедергілерге тап болғанын айтты.

Әсіресе Ресей аннексиялаған Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье аймақтарында гуманитарлық көмекке қол жеткізудің шектеулі екенін айтқан Доутен шамамен 1,5 миллион адамға өмірді құтқаратын гуманитарлық көмекті жеткізе алмағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар