Израиль зәйтүн ағаштарын фосфор бомбаларымен өртеп жіберді

Ливан Ауылшаруашылығы министрі Аббас әл-Хадж Хасан мәлімдеме жасады.

2112192
Израиль зәйтүн ағаштарын фосфор бомбаларымен өртеп жіберді

Ливан Ауылшаруашылығы министрі Аббас әл-Хадж Хасан Израильдің «тыйым салынған фосфор бомбаларымен күн сайын жасалған» шабуылдар нәтижесінде 60 мыңнан астам ескі зәйтүн ағашының өртенгенін білдірді.

Бас қала Бейруттегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) ғимаратында сөйлеген сөзінде Хасан «Ливанның оңтүстігі халықаралық деңгейде тыйым салынған ақ фосфор бомбаларымен күн сайын бомбалануда» деді.

Бомбалардың салдарынан 657-ден астам өрт шыққанын айтқан Хасан 6 мыңнан астам орман және ауылшаруашылық алқабына зиян келтірілгенін атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы министрі Хасан «Израиль шабуылдары 60 мыңнан астам ескі зәйтүн ағашын өртеп жіберді және 2 мыңнан гектардан астам жерді толығымен жойды» деді.

Хасан Израильдің Газа секторы мен Ливанның оңтүстігіне 6 айдан асқан шабуылдарды да айыптады.

Газа секторы мен Ливанның оңтүстігіндегі халықтың Израильдің қатыгездігі мен қылмыстарынан үлкен зардап шегіп жатқанын атап көрсеткен Хасан Израильдің халықаралық құқық, әдет-ғұрып және келісімшарттарға қоса ешнәрсені елемей бала, әйел және қарттарға бағыттап күнделікті шабуылдарын жалғастырып жатқанын білдірді.

7 қазан күнінен бері Израильдің Газа секторындағы шабуылдарында қаза тапқандар саны 30 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар