Янез Ленарчич Газаға көбірек құрлық өткелдерін ашуға шақырды

Янез Ленарчич гуманитарлық көмекті арттыру үшін Газаға көбірек құрлық өткелдерін ашуға шақырды.

2112318
Янез Ленарчич Газаға көбірек құрлық өткелдерін ашуға шақырды

Еуропа Одағы  комиссиясының гуманитарлық көмекке жауапты мүшесі Янез Ленарчич гуманитарлық көмекті арттыру үшін Газаға көбірек құрлық өткелдерін ашуға шақырды.

Янез Ленарчич кеше Иордания, Палестина және Израильдегі кездесулерінен кейін Шығыс Иерусалимде өткізген баспасөз мәслихатында Израиль армиясының шабуылдарымен гуманитарлық апат тереңдеген Газа секторына әуеден гуманитарлық көмек жеткізілуінің маңызды екенін айтты.

Батыс Шериядағы палестиналық ғимараттар мен үйлердің қиратылуы, еврей қоныстанушылар зорлық-зомбылығының артуы және Израиль армиясының шабуылдары туралы ескерткенін білдірген Ленарчич тез арада атысты тоқтатуы және Газадағы израильдік тұтқындардың қайтарылуы жайлы үндеу тастады.

Ленарчич Израиль жоғарғы лауазым иелеріне  Газада қаза тапқандар санының өте көп екенін айтқанын және мұның халықаралық гуманитарлық заңдардың бұзылғанына алаңдаушылық тудырғанын білдірді.

Ленарчич Халықаралық Әділет Сотының Израильге гуманитарлық көмекті көбейту шешіміне қарамастан Газаға жеткен көмектің азайғанына назар аударып, жаңа құрлық транзит жолдарының ашылуы және көмектердің тиімді таралуы үшін атысты тоқтату шақыруын қайталағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар