Британдық министрді өлтірумен қорқытты

Оңтүстік батыс Суррей парламентінің депутаты Джереми Ханттың сайлау кеңсесіне шабуыл жасалды.

2112205
Британдық министрді өлтірумен қорқытты

Британ қаржы министрі және Оңтүстік батыс Суррей парламентінің депутаты Жереми Ханттың сайлау кеңсесінің терезесі мен есігіне бояумен «Консервативті қоқысқа өлім» деген жазу жазылған соң полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Британдық ақпарат құралдарының хабарлауынша Ханттың елдің оңтүстігік аймағындағы сайлау кеңсесінің терезелері мен есігіне «Консервативті қоқысқа өлім» деген жазу жазылған.

Суррей аймақтық полициясы тақырыппен байланысты мәлімдемесінде «Хиндхед ауданындағы ғимаратқа 4 наурыз күні шамамен сағат 20.00-21.00 арасында жасалған шабуыл туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Шабуыл ғимараттың сыртындағы есік пен терезелерге бояумен жазуды қамтыды. Оқиға кезінде ғимаратта ешкім болған жоқ» делінді.

Полиция сонымен қатар ғимараттың терезелері мен есігіндегі жазуларға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Хант тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде «Британ халқы мейірімділігімен танымал. Сол себепті біз әлемдегі ең күшті демократиялық елдердің біріміз. Бірнеше адам бізді қорқыта алмайды» деді.

Ішкі істер министрі Джеймс Клеверли Ұлыбританияда қорқытулардың «депутаттық міндеттің сипатында» бар екенін, қосымша қорғаныс бюджеті бөлгендерін мәлімдеген еді.

Елде ақпан айында 3 әйел депутатқа қауіпсіздік мәселесіне байланысты полиция қорғауы және жүргізуші бар көлік берілген болатын.

Ұлыбританияда 2016 жылы Жұмысшы партиясының депутаты Джо Кокс елдің Еуроодақтан шығуы (Brexit) туралы референдум аясында жұмыс істеп жатқан кезде шабуылға ұшырап, қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар