Малавиде су тасқыны мен көшкіннен 6 адам қаза тапты

Малави Апатпен күрес басқармасы мәлімдеме жасады.

2111686
Малавиде су тасқыны мен көшкіннен 6 адам қаза тапты

Малави Апатпен күрес басқармасы жасаған мәлімдемеде Нхотакота аймағында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан 6 адамның қаза тапқаны жарияланды.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтың инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келгені және облысқа автокөлікпен қатынау қамтамасыз етілмегені айтылған мәлімдемеде апаттан шамамен 14 мың адамның зардап шеккені және қоныс аударған азаматтардың лагерь аймақтарына жіберілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар