АҚШ бала өлімдері себепті Израильге ескерту жасады

АҚШ Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер мәлімдеме жасады.

2111641
АҚШ бала өлімдері себепті Израильге ескерту жасады

АҚШ Газа секторындағы бала өлімдерінің «қабылданбайтынын» Израильге «нақты түрде» жеткізгенін жариялады.

АҚШ Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Газа секторындағы жағдайдың «қорқынышты» екенін айтқан Миллер «Қолындағы шектеулі азық-түлікті алып, балаларына беру үшін тамақ ішпей жатқан көптеген ата-аналар бар екеніне сенемін. Сондықтан балалардың өлімі қабылданбайды және біз Израиль үкіметіне бұл туралы ұстанымымызды нақты түрде жеткіздік» деді.

Миллер аймақтағы қақтығыстардың басталуы мен нәтижесінде туындаған гуманитарлық жағдай үшін Хамастың жауапты екенін еске салып, «Бірақ Израиль проблеманы шешу және азық-түлікті жеткізу үшін көбірек қозғалуға тиісті. Палестина халқының шынында да маңызды гуманитарлық қажеттіліктері бар» деді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудраның 3 наурыз күні ғана Израильдің кесірінен гуманитарлық жәрдемдер жеткізіле алмаған Газа секторының солтүстігі мен Газа қала орталығында 15 баланың аштықтан қайтыс болуы мәлімдемесі мен БҰҰ лауазымдыларының оқиғаны растауының артынан Миллер мәлімдемелер жасады.

Израильдің 7 қазан күнінен бері аймаққа жасаған шабуылдарында кемінде 13 мың 430-ы бала, 8 мың 900-і әйел, барлығы 30 мың 631 палестиналық қаза тауып, 72 мың 43-і жараланды.



Ұқсас жаңалықтар