Ұлттық ақпарат агенттігін жабуға шешім қабылдады

Шешімнен кейін ақпарат агенттігі қызметкерлері орталық ғимарат алдына жиналып, үкіметке наразылық білдірді.

2111091
Ұлттық ақпарат агенттігін жабуға шешім қабылдады

Аргентинада үкімет шығындарды азайту мақсатымен Аргентина Ұлттық ақпарат агенттігін жабуға шешім қабылдады.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Мануэл Адорни «Осы шешімнің қабылдануында көпшіл медиа мен баспасөз еркіндігіне соққы енгізілді деген айыптау қате болады. Мемлекет басшысы Хавиер Милейдің сайлау науқанындағы уәделерінің бірі болатын. Осы уәдені орындау үшін нұсқау берді» деді.  «Telam» агенттігінің 24 миллион доллар шығынға ұшырағанын білдірген Адорни қызметкерлер жөніндегі тақырыптардың сарапталып жатқанын айтты.

Шешімнен кейін ақпарат агенттігі қызметкерлері орталық ғимарат алдына жиналып, үкіметке наразылық білдірді.

Аргентинада қызмет атқаратын көптеген жазбаша және көріністі медиа өкілі бірігіп мәлімдеме жариядады. Үкіметтің шешімінің сөз бостандығына шабуыл екенін атап көрсетті.

1945 жылы құрылған «Telam» агенттігінің 700 қызметкері бар.



Ұқсас жаңалықтар