Германиядағы бір қарттар үйінде өрт шықты

Алғаш мәлімет бойынша оқиғадан 4 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

2110721
Германиядағы бір қарттар үйінде өрт шықты

Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия штатында бір қарттар үйінде шыққан өртте 4 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

Полиция жасаған мәлімдемеге қарағанда, 13 мың тұрғыны бар Бедбург-Хау ауданындағы қарттар үйінде жергілікті уақыт бойынша сағат 03.50-де өрт шыққан.

Оқиға орнына жетіп, сөндіру жұмыстарын бастаған өрт сөндірушілердің бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қарттар үйінен топтардың тарапынан 46 адам эвакуацияланды. Алғаш мәлімет бойынша оқиғадан 4 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

Сөндірілген өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар