Израиль шабуылдарынан 5 Хизбулла мүшесі қаза тапты
Израиль армиясының Ливанға жасаған әуе шабуылында 5 Хизбулла мүшесі қаза тапты.
Израиль армиясының Ливанға жасаған әуе шабуылында 5 Хизбулла мүшесі қаза тапты.
Ливанның ресми агенттігі «NNA»-дағы хабарға қарағанда Израильге тиесілі пилотсыз әуе көлігі Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық Накура ауданына жақын жерде бір көлікті нысанаға алды.
Хизбулла болса жасаған мәлімдемесінде аталмыш шабуылда 3 мүшесінің қаза тапқанын жариялады.
Кейінірек жасаған тағы бір мәлімдемесінде Хизбулла қозғалысының 2 мүшесінің Израиль шабуылдарында қаза тапқанын білдіріп, Израильге солтүстігіндегі Лиман елді мекеніне бағыттап бір «камикадзе» пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасалғанын және «Джал Ал-Алем» бекіністеріне зымыран шабуылы жасалғанын атап көрсетті.
Израиль армиясы және 2023 жылдың 8 қазан күнінен бері Ливанның оңтүстігі арасында болған қақтығыстарда қаза тапқан Хизбулла мүшелерінің саны 228-ге жетті.
Қақтығыстарда сондай-ақ, 45 ливандық бейбіт тұрғын, 11 Эмел қозғалысы, 12 Хамас және 12 Исламдық жиһад қозғалысы мүшелеріне қоса, Израильдің 6 бейбіт тұрғыны мен 11 сарбазы қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
«SpaceX»-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды
Илон Маск өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оқиғаның видеосын жариялады.