Ресей соғыс ұшақтары Идлибті бомбалады

Ресей әскери ұшақтарының шабуылында 1 бейбіт адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

2109223
Ресей соғыс ұшақтары Идлибті бомбалады

Ресей әскери ұшақтарының Сириядағы Идлибтегі шиеленісті азайту аймағына жасаған әуе шабуылында 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 адам жараланды.

Оппозицияға тиесілі ұшақтар обсерваториясынан алынған мәліметке қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10.02-де Латакиядағы Хмеймим әуе базасынан 2 ресейлік әскери ұшағы қатарынан көтеріліп, Идлиб қала орталығының батысындағы ағаш шеберханасына 4 әуе шабуылы жасады.

Азаматтық қорғаныс топтарынан (Ақ дулығалы) алынған ақпаратқа қарағанда, шабуылда 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 бейбіт тұрғын жараланды.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар