Израильдің соңғы шабуылында 30 бейбіт адам қаза тапты

Израиль армиясының шабуылдарында бүгінге дейін 30 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.

2109060
Израильдің соңғы шабуылында 30 бейбіт адам қаза тапты

Израиль армиясы басып алған Газа секторының әртүрлі аймақтарындағы елді мекендерге жасаған шабуылдарында тағы 30 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Палестина ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның хабарында Израильдің Газа секторының орталық бөлігіндегі Нусейрат және Бурайч босқындар лагерін бомбалағаны білдірілді.

Аталмыш лагерьлерге жасалған шабуылдарда қаза тапқан 25 палестиналықтың көпшілігінің әйел мен бала екені айтылды.

Израиль әскери ұшақтарының тікелей үйлерді нысанаға алған шабуылдарында үйінділер астында қалған көптеген өлі дененің әлі табылмағаны хабарланды.

Хабарда Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласын да артиллериялық оқпен нысанаға алу нәтижесінде 5 палестиналықтың қаза тапқаны атап көрсетілді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында көбісі бала мен әйел 30 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 70 мың 325 адам жарақат алды.

Үйінділер астында әлі мыңдаған мәйіт бар екені хабарланып, адамдар паналаған ауруханалар мен оқу орындарын нысанаға алу арқылы азаматтық инфрақұрылым да жойылуда.



Ұқсас жаңалықтар