Зеленский Сауд Арабиясында

Зеленский мамыр айында да Сауд Арабиясына барған еді.

2108291
Зеленский Сауд Арабиясында

Украина Президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті.

Сауд Арабиясы ақпарат агенттігінің (SPA) хабарлауынша, Зеленскийді және онымен бірге келген делегацияны ел астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайында Эр-Рияд әмірі міндетін атқарушы ханзада Мұхаммед бен Абдулрахман бен Абдулазиз қарсы алды.

«Al Arabiya» телеарнасы Зеленскийдің сапары барысында тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен кездескенін хабарлады.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар қарастырылып, ынтымақтастықты нығайту және «Ресей-Украина дағдарысын» шешу жолындағы диалог мүмкіндіктері талқыланғаны атап өтілді.

Зеленский мамыр айында да Сауд Арабиясына барған еді.

Эр-Рияд дағдарысты шешу және Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмастыруда рөл атқарған болатын.

Алдыңғы күні Эр-Риядта Ресей парламентінің төменгі палатасы Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин де мұрагер ханзада бен Салманмен кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар