Мұнай экспортын тоқтатты

Мұнай нысандарының күзеті нысандарды қайта ашу үшін шарттарды орындауды талап еткен.

2107273
Мұнай экспортын тоқтатты

Ливия Қорғаныс министрлігіне қарасты Мұнай нысандарының күзеті мұнай экспорттайтын барлық мұнай кен орындары мен порттардың жабылатынын хабарлады.

«Al-Ahrar» телеарнасының хабарлауынша, Мұнай нысандарының күзеті елдегі мұнай кен орындары мен порттардың жабылғанын жариялап, нысандарды қайта ашу үшін шарттарды орындауды талап еткен.

Мұнай нысандарының күзетшілері талаптары орындалмаған жағдайда өз құқықтарын сот арқылы іздейтіндерін мәлімдеді.

Ұлттық мұнай корпорациясы мәлімдеме жасап, Ливия Мұнай нысандары күзетінің басшысы Абдурреззак әл-Хермани мен корпорация төрағасының орынбасары Масуд Сүлейманның кездескенін білдірді. Кездесу барысында корпорация төрағасының орынбасары Сүлейман мұнай нысандарын барлық шиеленістерден аулақ ұстау керектігін және мұнай нысандарының күзетшілері өз талаптары үшін ресми және заңды арналарды бақылауы керектігін атап өтті.

15 ақпанда жасалған мәлімдемеде Ливия Мұнай нысандарының күзеті Ливия Ұлттық бірлік үкіметінен талаптарын орындауды сұрап, әйтпесе мұнай кен орындарының 10 күн ішінде жабылатынын айтып ескерткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар