Ердоған Израильдің шабуылдарына қарсы береке-бірлік жайлы үн қатты

Президент Ердоған  сөзінде Ресей мен Украина арасындағы соғысқа да тоқталды.

2106732
Ердоған Израильдің шабуылдарына қарсы береке-бірлік жайлы үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газадағы қысымына қарсы Ислам әлемінің біртұтас болуы үшін күш салып жатқандарын айтты.

Ердоған Балыкесирде сөйлеген сөзінде «Біз Газадағы қысым мен Иерусалимдегі қудалауды тоқтату үшін қолымыздағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз» деді.

Президент Ердоған  сөзінде Ресей мен Украина арасындағы соғысқа да тоқталды.

Президент Ердоған «Ресей мен Украина арасындағы соғыс өртінің елімізге таралуына жол бермедік. Мемлекетіміздің мүддесі, Отанымыздың қауіпсіздігі және тұрақтылығына нұқсан келтірген жоқпыз. Біз Түркиямен бірге бүкіл әлемге теріс  әсерін тигізген осы соғысты тоқтатуға бағытталған бастамаларымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар